4 ИЮНЯ - ДЕНЬ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СИМВОЛОВ

4 июня наша страна отмечает День государственных символов, к которым относятся Флаг, Герб и Гимн. Поэтому в нашем колледже был подготовлен исторический устный журнал, в котором было подробно рассказано об истории создания символов современного Казахстана. Также было уделено внимание истории появления символов страны в казахском ханстве и Тюркском каганате. Создатели журнала ставили цель – формировать интерес у молодежи к истории своей страны.

7 МАМЫР - ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ!

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар.

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар!

Колледжіміздің барлық ұлдарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Денсаулық, ашық аспан, жарқын болашақ тілей отырып, елімізді кірпік қақпай күзететіндеріне үлкен сенім артамыз!

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ЕШКІМ ДЕ ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ» АТТЫ ЧЕЛЕНДЖ

Ұлы отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толып отыр. Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай колледж оқытушылары мен студентері «Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды» атты тақырыбында тәрбиелік мәні бар челендж ұйымдастырды.

Бұл челендж жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, бірліктің маңызын насихаттауға, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, сол зұлмат соғыс жылдарының ауыртпалығын қайыспай көтерген барша жандарға алғыс білдіруге бағытталған. Колледж оқытушылары мен студенттері ардагерлерге алғыс айтып, Жеңіс күніне орай құттықтау тілегін арнап, ән салып, өлең оқып, соғысқа қатысқан туыстары туралы естеліктер айтуда... Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасып, Жеңістің туын желбіреткен аталарымыз бен əкелеріміздің ерліктері мəңгі ұмытылмайды. Өшпес ерлікке - мəңгі тағзым!

ҰЛЫ АҚЫН АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ӘДЕБИ ЧЕЛЕНДЖІ

Биыл ұлы ақын және ойшыл, қазақ халқының ұлы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу науқаны басталды. Бұл challenge-ді колледж студенттері Абай Құнанбайұлының өлең-жырларын оқып бір-бірлеріне Instagram желілерінде таратып жатыр. Бұл челлендждің мақсаты: Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.

Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу науқанының challenge-ін 3 негізгі «Бастауыш білім беру» топ студенті Бекенаева Мөлдір ашып, колледж студенттеріне жолдады. «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, - деп төрелігін шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен де бізбен бірге» деген оймен эстафета жалғасуда...

БІЗ БІРГЕМІЗ БІЗ ҮЙДЕМІЗ ЧЕЛЛЕНДЖІ

Елімізде төтенше жағдайға байланысты 2020 жылдың 16 наурызынан бастап барлық оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Карантинде уақытты тиімді әрі пайдалы өткізу үшін колледж студенттері #бізбіргеміз #бізүйдеміз атты челленджін әлеуметтік желі арқылы жолдады. Барлық адамдарға мотивация, қолдау және жақсы көңіл-күйде болу қажет. Ал бұл челлендждің мәні - адамдардың өз дамуына, өзін-өзі жетілдіруіне немесе басқаларды шабыттандыруға кішкене де болса үлес қосу.#бізбіргеміз #бізүйдеміз.

2018-2019 ekchsemey.ddns.net