"БИБЛИОТЕКА ЧЕСТНОСТИ".

В нашем колледже открылась "Библиотека честности". Это хорошая альтернатива, как можно провести перемену. Вместо мобильной и других гаджетов, мы читаем лучшие книги, имеющиеся в нашей библиотеке.

"САНАЛЫ ҰРПАҚ-МƏҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ" АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ

Қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі Семейдің Р.С.Байсеитов атындағы қаржы-экономикалық колледжінде "Саналы ұрпақ-мəңгілік ел болашағы" тақырыбында облыстық форум өтті. Аймағымыздың көптеген колледждерінен келген оқытушылар, студенттермен бірге иық тірестіріп, біздің де колледжің оқытушылары Зияданова А.С., Спанова Г.К. және колледж студенттері Орынбекова С және Болатов Нұрдәулет өз ойларын білдіріп қайтты. Жемқорлыққа жол жоқ!!!

"АЛАШТЫҢ АБАЙЫ - АДАМЗАТ ДАНА ОЙЫ" АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

"Бастауыш білім беру" мамандығы бойынша білім алып жатқан Иксанова Мөлдір үздік оқушы, колледж мақтанышы. Шайжүнісов шыңын бағындырушылар мектебінің тыңдаушысы ретінде қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүреді. Радиотехника жəне байланыс колледжінде өткен "Алаштың Абайы - адамзат дана ойы" облыстық конференцияға қатысып, 70-ке жуық баяндаманың ішінен таңдалған 15 баяндамашының бірі болып, колледж абыройын қорғап келді. Алғыр, өжет құрбымыз білімнің биік белестерін бағындыра берсін деп тілейміз.

"ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ" АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ-ЖОБАЛАР САЙЫСЫ

Қаламыздағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң унмверситетінің Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай "Психология-педагогика ғылымының келешегі" атты колледж студенттері арасында өткізген ғылыми жобалар сайысына біздің колледж атынан 3 негізіг «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті Қайратқызы Мөлдір қатысты. Оқу озаты, "Syrgalym" қыздар клубының мүшесі, болашағынан үлкен үміт күттіретін Мөлдір қызымыз, бұл жолы да өзін таныта біліп, 2 орынды иеленіп, бірінші оқу жылының 50% жеңілдігін де жеңіп алды. Мөлдірді дайындап, үкілеп апарған жетекшісі педагогика-психология пəндерінің оқытушысы Адамзатова Анар Жұмабековна. Бірлесіп үлкен асудан өткен ұстазы мен шəкіртін құттықтаймыз!

"ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ" АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ

Биылғы оқу жылы Адамзатова Анар Жумабековна үшін олжалы жыл болды. Əрдайым іздену мен талпынудан талмайтын ұстазымыз Шығыс Қазақстан облысы техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындарының педагог-психологтар арасындағы "ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ" атты облыстық байқаудың жүлделі I орнын жеңіп алды. Сонымен қатар, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің "Құрметті түлегі" төсбелгісімен марапатталды. Мамандығын сүйіп, нағыз ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген ҰСТАЗЫМЫЗДЫ мақтан етеміз.

«ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІ СТУДЕНТТЕР КӨЗІМЕН» АТТЫ КОЛЛЕДЖІШІЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

2020 жылдың 14 наурыз күні колледжімізде Шайжүнісов шыңын бағындырушылар мектебі ұйымдастырған "Ғылым әлемі студенттер көзімен" тақырыбында өткен конференция қызықты тақырыптарға толы болды. Əр топ өз мамандықтарына қатысты келелі мəселелерді сөз етті.Ұстаздардың қоғамдағы рөлі, ҚР-ның экономикасы, балабақша жасындағы балаларға арналған смартфон бағдарламалары сияқты тақырыптардағы баяндамалар оқыған студенттер озық шықты.

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ

2020 жылдың 13 наурыз күні колледжіміздің 1 курс білім алушылары мен қаза тілі және әдебиет пән оқытушысы Зияданова А.С. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Абай музейінде ұйымдастырылған суретші, кескіндемеші, акварельші Болат Исиннің Абайдың жəне ақын шəкірттері Шəкəрім, Əсет Найманбаев, Төлеу Көбдіков, жазушылар Мұхтар Əуезов, Оралхан Бөкеев, Қайым Мұхамедханов шығармаларына арналған көрмесіне барып қайтты. Осы көрмеге барып, қазақ əдебиеті пəнінен жаттап, оқып жүрген шығармаларды суретші қаламынан туған туындылар арқылы көріп, өзгеше əсер алып қайтты.

«Әлем барысы» Нұғымаров Айбек Серікболұлымен кездесу кеші өтті

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы наурыз айының 12-сі күні Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледж ұжымы мен студенттері алып күш иесі, 2 дүркін Қазақстан және Әлем Барысы, 4 дүркін Азия және Әлем чемпионы, Бiрнеше дүркін Қазақстан чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, Әлем кубогінің иесі, нағыз «алып», «толағай» балуан - Нұғымаров Айбек Серікболұлымен кездесу кешін өткізді.

Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күш сынасуы ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ өнерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады. Қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «балуан» деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған. Ендеше, қазіргі заманның нағыз батыры Айбек Серікболымен мұндай жарқын жүздесудің жиі бола бермейтінін түсінген студенттер балуанның дара жолындағы жаттығулары, қарсыластары, қазақ күресінің болашағы туралы сұрақтар қойды. Күш иесі өзінің 3 дүркін «Әлем барысы» атанғандығын жеткізіп, көрермендерді үлкен қуанышқа бөледі.

Бұл шараны ұйымдастырушы «Дарабоз» ұлдар клубы болғандықтан, битбокс, ән, би сияқты өнерлерін көрсетіп, Айбек Серікболұлының қошаметіне бөленді. Тіпті, балуанмен қол күрестіріп көріп, нағыз күш иесі екендігіне көздерін жеткізгендей болды. Әсерлі кештен жақсы ғибрат алған студенттер, балуанды қоршап, фотоға түсіп, мәре-сәре болды.

«Отбасындағы қыз баланың міндеттері» атты байқауы.

Дана халқымыз қыз баланың тәлім-тәрбиесіне ерекше назар аударған. Еркелетіп төріне отырғызған, бірақ тым еркінсітпеген. Қызды қонақ деп есептеп, барынша ізетті, сыпайы, мейірімді, сонымен қатар ісмер, он саусағынан бал тамған өнерлі болуын да үнемі қадағалап отырған.

Осы орайда, біздің колледж қыз баланың білім алумен ғана шектеліп қоймай, жақ-жақты болғанын қалайды. Биыл ғана құрылса да, қыз баланың тәрбиесіне қатысты біршама шара өткізіп келе жатқан «Syrgalym» қыздар клубы, осы жолы да өздерін биіктен көрсете білді. 4 наурыз күні 1-2 курс қыздары арасында «Отбасындағы қыз баланың міндеттері» деген тақырыпта байқау өткізіп, қыздарымыздың ою, тоқыма, сурет салу сияқты қолөнерлерге, мерекелік дастархан әзірлеу, үстіне дәмді салат жасау, келген қонақты жылы қабақ, ашық шыраймен қарсы алу өнерлеріне жетік екеніне көзімізді жеткізді.

Бірінен бірі асып, үлкен тартысқа толы байқаудың жеңімпазын анықтау да әділ-қазылар алқасына оңай болған жоқ. Десе де, топ ішінен суырылып шығып, 1 нег. БББ тобы – 1 орын, 2 нег.БББ тобы – 2 орын, 1 қысқ. ЕА тобы - 3 орынды иеленді. Қыздарымыз өсіп, еліміздің көркін асқақтата берсін!

Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!

Шуақты, жайдары Көктем мерекесінде 2020 жылы наурыз айының 06 күні, «Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!» деп ұрандатқан колледждің жігіттер қауымы, қызғалдақтан әдемі қыздарымызға көтеріңкі көніл-күй сыйлады.

Гүлдері мен шарларын іліп, оқу ғимаратын әсемдеп, арулар туралы әуендерін қойып, қыздардың жақсы көретін тәтті шоколадтарын таратып қарсы алды. Бүгінгі күнгі сабақтарын ойлап, күнделікті әдеттерімен келе жатқан қыздар үшін бұл тосын сый болған сияқты. Қуаныштарын жасыра алмаған қыздар, ұлдарға алғыстарын жаудырып, нағыз «джентльмен» болып жүрген ұлдармен фотоға түсіп, қуанысып жатты.

Сіздерге деген махаббатпен...

Көктем мерекесіне орай, 6 наурыз күні колледжімізде «С любовью к Вам!» атты мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды. Әр түрлі ыстық тағам, салаттың неше түрі, балалардың сүйсініп жейтін тәттілері мен ыстық шай, сусындар бәрі-бәрі назардан тыс қалмады. Сатушылар бағаны арзан қойып, студенттердің ешқайсысы қалтарыста қалмауларын қадағалады. Сонымен қатар, бұл студенттерді адалдыққа тәрбиелейтін шара болды. Өйткені ақшалары жетпей жатқан студенттер соңынан ешкімнің қадағалауынсыз әкеліп ақша қорына өздері қосып жатты.

Арзан бағамен дәмді тамақ ішкен студенттер ұстаздарына алғыстарын жаудырып, мереке қарсаңында көңілдерінің бір көтеріліп қалғанын айтты.

2018-2019 ekchsemey.ddns.net