“Мамы и дочки”

Аналар күніне орай колледжімізде 1 курс студенттері мен екінші аналарына айналған топ жетекшілері арасында “Мамы и дочки” спорттық сайысы өтті. Түрлі бөлімдерден бүлінбей, өткелдерден сүрінбей өтіп,

1 орын - 1 осн УА-3

2 орын - 1 осн УА-1

3 орын - 1 осн УА-2 иеленді.

Жеңістеріңіз құтты болсын! #аналаркүні#аналарменқыздар#мамыидочки#Аналар_күні_Абай_облысы

12 мамыр “Аналар күні”

12 мамыр “Аналар күніне” орай қаладан тыс жерден келген 2 курс студенттері арасында «Ана жалғыз ғана...» (letter of longing) өтті. Анаға деген сағыныш бәрінің жүректерін елжіретіп, кейбірінің көзіне жас алдырды Аналарымыз аман болсын! #Аналар_күні_Абай_облысы#аналараманболсын#анағадегенсағыныш

“9 мамыр - Жеңіс күні құтты болсын”

“7 мамыр”

7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Ендеше егеменді еліміздің отын сөндірмей, сыртқы жаудан, ішкі даудан аман ұстайтын колледжіміздің барлық азаматтарын мерекелерімен құттықтаймыз! #отанқорғаушыларкүні#7мамыр#9мамыр#жеңіскүні#bilimim_otanyma

“7 мамыр”

Колледжіміздің тепсе темір үзетін, білімдері мен білектері озық әрі мықты ЖІГІТТЕРІН бүгінгі мерекелерімен құттықтаймыз! Отанын дауға да, жауға да бермейтін намыс иелері болса екен дейміз!! #7мамыр#отанқорғаушыларкүні#мереке

“Отан үшін, от кешкендер”

7 мамыр - Отанқорғаушылар және 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында Қасымова Г.И. “Отан үшін, от кешкендер” тақырыбында 1-2 курс студенттеріне топ сағатын өткізді. Сұрапыл соғыс жылдары, тыл жұмыстары туралы деректі фильм көрсетілді. #отанқорғаушылар#жеңіскүні#7мамыр#9мамыр#тылеңбеккерлері#bilimim_otanyma

“Мен- болашақ Отан қорғаушымын”

7 мамыр -Отанқорғаушылар күніне орай колледжімізде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі бүгінгі “Мен- болашақ Отан қорғаушымын” тақырыбындағы спорттық сайыс. Кілең жігіттер бел шешіп, белдесіп, оза шапқаны жеңіске жеткен керемет сайыс болды. 2 курс студенттерінен құралған жігіттер тобы жеңіске жетті. ##отанқорғаушыларкүні#7мамыр#сайыс#жеңіс#біздіңжігіттер Жеңіске 2 курс ұлдар командасы жетті.

«Ерлік ұмытылмайды»

1 курс студенттері 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында “Жеңіс” алаңындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, «Ерлік ұмытылмайды» тақырыбында литмонтаж өткізді. #9мамыр#жеңіскүні#гүлшоқтары#ерлікұмытылмайды#еріктілер

Екінші дүниежүзілік соғыс

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жауынгерлерді киім-кешекпен, азық-түлікпен, қару-жарақ сияқты қажетті заттармен қамтамасыз еткендердің қатарында әйелдердің бар екені айтпасақ та белгілі. Олар елде қалған қарттарына қарайласып, бала-шағаның қамын ойлап, майдандағы жақындарынан жырақ жүрсе де жеңіс туын желбіретуге зор үлес қосты. Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қыстау ауылының тумасы, әкесін майдан даласына шығарып салған бүлдіршін қыз ол кезде 11 жаста болса, қазір жасы 93-ке келген қарт ана. Сәрсембаева Назира Әмірғалиқызының соғыс жылдары туралы айтары көп. Сұм соғысты әлі күнге дейін санасынан өшірмеген әжеміз, өткен күнге көз тастап, ескірмеген естеліктерімен бөлісті. #9мамыр#жеңіскүні#тылеңбеккері#еңбекардагеріменкездесу#құттықтау#еріктілер#волонтерыпобеды

Екінші дүниежүзілік соғыс

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майдандағы сарбаздар соңғы демі қалғанша жан аямай күрессе, тылдағы еңбек те толас тауып көрген жоқ. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуына байланысты, олардың орнын елде қалған қариялар, әйелдер мен балалар басты. Осылайша сарбаздарды азық-түлікпен, шикізатпен елде қалған әйелдер, балалар мен қарт адамдардың қамтамасыз еткені тарихтан белгілі. Сондықтан, 9 мамыр Жеңіс күні — соғыс кезінде тылда бел жазбай еңбек еткен тыл ардагерлерінің де мерекесі екені айқын. Бала болса да, тылдағы тірліктің бел ортасында жүрген - Сарсембаева Назира Әмірғалиқызы бұл күні 93 жаста. Мереке қарсаңында колледж студенттері еңбек ардагерін құттықтап, әңгімеге тартты. #9мамыр#еңбекардагері#құттықтау#еріктілер#волонтеры

“1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні”

“1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні”

«Қарызсыз қоғам»

Колледж ұжымы "Қарызсыз қоғам" 10 ағымында оқыды. Біздің жаттықтырушы Ершинова Сәулет Еркінқызына рахмет!!!

“Менің мамандығымдағы физика және математика”

"Менің мамандығымдағы Физика және математика" облыстық ғылыми-практикалық конференциясы. Біздің колледжден студент Мақамбекова Дильназ қатысып сертификатпен марапатталды #конференция#физика#математика

WorldSkills

"WorldSkills-техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды әлемдік қозғалыстардың бірі. Студенттер әлемдік аренада жоғары көрсеткіштерді көрсетуде. Чемпионаттың мақсаты-жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, үздік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту. "Worldskills-2024" біз үшін осн УА-2 тобының үздік студенті Беспалова Таисия жүлделі 3 орынға ие болды. Жетекшісі арнайы пән оқытушысы - Садвакасова Динара Ернатқызы. Құттықтаймыз! Жарайсыңдар #worldskills2024#победа#бухгалтерскийучет

“Би алаңының жұлдыздары”

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын “Би алаңының жұлдыздары” байқауы биыл да жоғары дәрежеде өтті. Әр түрлі жанрдағы билерімен таң қалдырып, көрерменді қуанышқа бөлеген бишілеріміздің өнерлері өрге жүзе берсін демекпіз. Бас жүлде - 2 осн УА-3 тобына бұйырды #би#бишілер#биалаңы#жұлдыздар

“Қарызсыз қоғам”

Ұстаз - оқыта жүріп оқудан жалыққан емес. Заманның талабы да жоғары. Сондықтан, бүгін “AMANAT” партиясының бастамасымен ұйымдастырылған “Қарызсыз қоғам” жобасы аясында “Жеке қаржыны басқару” курсын біршама оқытушыларымыз оқып, аяқтап шықты. Қаржылық сауаттылығыңызды сіз де дамытып көріңіз! #аманатпартиясы#қаржылықсауаттылық

«Бизнес және сервис колледжінде өткен аймақтық конференция»

Бизнес және сервис колледжінде өткен аймақтық конференцияға қатысқан 1курс студенті Рысбекқызы Баһар (жетекшісі Касымова Г.И.), және 2 курс студенті Максұтова А. (жетекшісі Манарбекова А.М.) сертфикатпен марапатталды. Білім жолындағы әр талпыныстың өзі үлкен жеңіс! #конференция#білімжарысы

“Оқы және жеңіске жет!”

Бүгін колледжімізде “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында “Оқы және жеңіске жет!” облыстық жас кітапханашылар сайысы өтті. Бірнеше кезеңнен тұратын бұл сайысқа бақ сынап, бап сынап қатысушылар көп болды. Десе дағы, сайыс болған соң, жеңімпазды анықтау міндет. Әділ-қазылардың сынынан сүрінбей өтіп, 1 орынды Абай колледжінің кітапханашысы жеңіп алды. Жеңімпазға бағыт көрсетіп, жол сілтеп, кәсіби кеңес берген тәлімгері біздің кітапханашымыз - Гульмира Толеутаевна. Құттықтаймыз!💐 #оқуғақұштарколледж#оқыжәнежеңіскежет#кітапоқиық#кітапханашы

“Боевой Славы” музейі

Бүгін 2 курс студенттері Жеңіс күні қарсаңында “Боевой Славы” музейіне барады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен даңқтың естеліктері сақталған бұл мұражай, жастарды үлкен әсерге бөледі. #жеңіскүні#ұосардагерлерінемыңалғыс#мұражай#ерлікпендаңқ

«Алаш арыстары»

Кеше Садуакасова М.О. 1 курс студенттерімен “Алаш арыстары’’ мұражайына барып қайтты. Алаш арыстарына арналған еліміздегі тұңғыш музей ғасырлар қойнауынан талай сыр шертеді. #музей#алашарыстары#тарих#мұхтарәуезов

«WorldSkills Abai-2024»

23 сәуірде WorldSkills Abai-2024 кәсіби шеберлік чемпионатының бірінші күні басталды! Біздің колледж студенті "Бухгалтерлік есеп "құзыреттілігі бойынша қатысады. Сәттілік! #білімбасқармасы_абай_облысы#

«ХХІ ғасырдағы ғылым және жастар»

Көлік колледжінің 95 жылдығына арналған «ХХІ ғасырдағы ғылым және жастар» атты Абай облысының ТжКББ жүйесі оқу орындары студенттерінің арасындағы оқу – зерттеу және жобалау жұмыстарының мемлекетаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл білім жарысына 1 курс студенті Серікқалиева Алтынай қатысып, сертификат табысталды. #конференция#білім

“Кітап Fest-2024”

Кітап ешқашан құны жоғалмайтын асыл қазына. Көп оқығанның көзі ашылады, көкірегі оянады. Әр түрлі гаджетке тәуелді болып бара жатқан жастарды кітапқа баулу мақсатында ұйымдастырылып жатқан шаралар көп. Осындай шаоаларды қолдау мақсптында бүгін 2 курс студенттері және топ жетекшілері “Кітап Fest-2024” кітап жәрмеңкесі мен көрмесіне қатысты. #кітап#жәрмеңке#көрме#кітапfest2024

“Ең мықты топ”

“Ең мықты топ” сайысы аясында өткен 1 курстар арасындағы волейболдан жарыста: 1 орын-1 осн УА-3 2 орын-1 осн УА-1 3 орын-1 осн УА-2 топ студенттері иеленді. Мықты болуға бәріңіз де лайықсыздар!

Встреча с Жакан Марал

Кеше колледж қабырғасында "Ұят - бұл үкім емес"авторымен қызықты кездесу өтті. Жасөспірімдерге қамқор тәлімгер, жасөспірімдерге арналған клуб құрушы, @alliance_abay мүшесі, "Жас көшбасшылар мектебі" басшысы - Жақан марал @zhakan.Марал үлкен мақсаттар қоюдың және оларға біртіндеп жетудің маңыздылығын айтты. Себебі Жастық шақ-бұл барлық мәселелердің тез шешілуін, кедергілерді оңай еңсеріп, армандардың орындалуын қалайтын уақыт. Бұл кезең толық күшіне еніп, пайдалы болуы керек! Тәлімгерлік үшін тәлімгерге рахмет! #встреча#ментор#жақанмарал#молодеж#школалидеров

“Оқуға құштар колледж”

“Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы бойынша колледж студенттері өздерінің оқыған шығармаларымен бөлісті. Достарының оқыған шығармаларын оқу олардың ой бөлісіп, шығарманы талқылап, талдауларына үлкен септігін тигізбек📚📖. #оқуғақұштарколледж#оқуғақұштаржастар#көркемшығарма

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек көрсету

Еліміздегі болып жатқан жағдайдың ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек көрсетуде колледж ұжымы да бір кісідей жұмылды. Тілсіз жаудың беті қайтып, еліміздің жағдайы тұрақталса екен деп тілейік

Жеңімпаздарымызбен мақтанамыз!

Жеңімпаздарымызбен мақтанамыз! Р.С.Байсеитов атындағы қаржы-экономикалық колледжінде бірнеше күн бойы өткен облыстық турнирда колледжіміздің баскетболшылар командасы жүлделі 3 орынды жеңіп алды. Мықтылармен тіресіп, бәсекелесті жарыста еселерін жібермеген жігіттерімізбен мақтанамыз #турнир#облыстықжарыс#баскетбол#жеңіс

«Оқуға құштар колледж»

«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау» тақырыбында әдеби сот өткізілді. Бұл шарада биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, ЮНЕСКО-ның есте қалатын даталар күнтізбесіне 100 жылдық мерейтойы енгізілген Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларынан «Менің атым Қожа» атты повесі таңдап алынды. Шара барысында әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау жасалды. Мақсаты: Оқуды насихаттау, кітаптарға назар аудару, өз ойын айта білу, кейіпкерге толық сипаттама беру. Қатысушы білім алушылар шығарма туралы өз ойларын ортаға салды. Шараны өткізуге көмектескен Шайжүнісов шыңын бағындырушылар мектебінің тыңдаушылары Жармукаметова Диана мен Мақамбекова Дильназға рахмет айтамыз! #оқуғақұштарколледж#көркемшығарма#кітапоқиық

«Колледждер арасында өткен қаржылық сауаттылық марафоны»

Шәкәрім университетінде колледждер арасында өткен қаржылық сауаттылық марафонында @munira12_91 Қасенова Мунира Зайтиновнаның жетекшілігімен барған студенттеріміз 2 орынға ие болды! Колледж мәртебесін көтеріп, беделін асқақтатқан студенттеріміздің болашақтарына сәттілік тілейміз! #марафон#жеңіс#шәкәрімуниверситеті#kefcollege

А. Бөкейханов атындағы университетте өткен конференция

А. Бөкейханов атындағы университетте өткен конференция

«Баскетболдан облыстық жарыс»

Р.С.Байсеитов атындағы қаржы-экономика колледжінде өткен облыстық турнирдің бірінші ойынында колледж спортсмендері жеңіске жетті. Жеңіске қуанар сәттеріміз көп болсын!

«Халықаралық конференция»

19-наурыз күні А. Бокейханов университетінде Халықаралық конференция өтіп, оған біздің колледжден 3нег. ЕА-3 тобынан Айғазы Мирас қатысқан еді. Бүгін, яғни 9.04 күні, конференцияның корытынды марапаттау кезеңі болып, Айғазы Мирас 3 орынға ие болғаны анықталды. Жетекшісі Манарбекова А.М. Құттықтаймыз! Алар асуларымыз көп болсын!

«Оқуға құштар колледж»

Кеше «Оқуға құштар колледж» жобасы бойынша «Ақындар жырлаған туған өлке» атты әдеби қонақ үй өтті. Студенттер ақиық ақындардың туған жерге арнаған өлеңдерімен қоса, өздерінің де жүрекжарды өлеңдерін оқып, ортаға салды. #оқуғақұштарколледж#туғанөлке#ақындаржырлайды

“Ең сау топ”

«Ең сау топ» сайысы аясындағы баскетбол турнирі

Табиғи апатты болжау мүмкін емес!

Табиғи апатты болжау мүмкін емес! Еліміздің көп аймағы су тасқынынан зардап шегіп, тілсіз жаудың зардабын шегіп жатыр. Осыған орай, елімізде төтенше жағдай орын алып, мемлекет басшысының жеке бақылауында. Елдегі бұл келеңсіздікті еңсеру үшін жұрт болып жұмылып, зардап шеккен жерлестерімізге қолдау көрсетейік! @aliya_agalievna

#ТазаСемей2024

Қала әкімдігі @semey_akimdigi ұйымдастырған #ТазаСемей2024 сенбілігіне колледж студенттері белсене қатысты. Жасөспірімдерді, жастарды, ұйымдарды әлеуметтік маңызы бар қызметке тарту; қала аулаларын, саябақтарын, көшелерін санитарлык тазалау мақсатындағы сенбілікке қатысу әркімнің міндеті болуы керек деп ойлаймыз, игі шараны қолдаймыз! #ТазаСемей2024#сенбілік#тазалық

Ашық есік күні

Бүгін колледжде мектеп бітірушілерге арналған Ашық есік күні өтті. Шараға қаладағы 44 мектептен оқушылар шақырылды. Қонақтарға колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылды: мектеп оқушылары кітапхананы, компьютерлік сыныпты, оқу кабинеттерін аралады. Студенттерге мамандықтар туралы презентациялар ұсынылып, колледж өмірі туралы бейнеролик көрсетіледі. #профориентационнаяработа

Б.Р.Ертаеваның интерактивті сабағы

Б.Р.Ертаеваның еңбекті қорғау пәнінен интерактивті сабағы

Интерактивный сабақ «Аудит» пәнінен тобы 3 және УА-1, 3 және УА-3

Интерактивный урок по предмету «Аудит» топтары 3 және УА-1, 3 және УА-3. Мұғалім Манарбековна Амангуль Манарбековна

IT EVENTS

IT EVENTS атты облыстық студенттер арасындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан студенттеріміз жақсы нәтиже көрсетті. Мақамбекова Дильназ жүлделі III орынға ие болды. Мақсұтова Аяулым мен Қуанышев Сұлтан сертификатқа ие болды. Студенттерді дайындаған жетекшілері Касымова Г.И., Оралбаев А.Т.

Гигиена

Жасөспірім ұлдардың жыныстық жетілу кезеңінде гигиеналық мәдениеті мен дене дамуының деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дәрігерлермен әңгіме өткізілді.

Биологиядан сыныптан тыс жұмыс

«Биология әлемінде» биология пәнінен сыныптан тыс іс-шара’

«Оқуға құштар колледж»

Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні «Оқуға құштар колледж» челленджі желісінде облыс орталықтарында видеоконференция өтті. Видеоконференция барысында республикалық дережедегі Шымкент қаласы челлендж ережесіне сәйкес Абай облысы оқырмандарына Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» атты көркем шығармасын оқуды жолдаған болатын. Челлендж ағымдағы жылдың наурыз айының 29-на дейін жалғасады. Осы орайда, бүгін колледжімізде жазушы, бірнеше шығармалардың авторы - Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, «Жусан иісі» – халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен қазақ ауылының, замандастарының тыныс-тіршілігін шынайы сомдаған проза жанрындағы повестіне талдау жасалды. #Жусан_иісі_Абай_облысы#жусаниісі#сайынмұратбеков#шығарма#челлендж#оқуғақұштарколледж#оқуғақұштармектеп

3 курс топтарында интерактивті сабақ. УА-1, 3 қабат. УА-3

3 курс топтарында интерактивті сабақ. УА-1, 3 қабат. УА-3 пәні бойынша «Ұйымдар экономикасы». Мұғалімі Успанова Жанар Төлеуханқызы

Ұлыс оң болсын, ақ бол болсын!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы құт - береке әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ бол болсын! #наурыз#наурызмейрамы#ақмолболсын#ұлысоңболсые#kefcollege

21 наурыз - Ынтымақтастық күні!

21 наурыз - Ынтымақтастық күні!

Жақия Шайжүнісұлының қызы Гульсим Жақияқызымен кездесу өтті

Кеше педагог, Қазақ ССР-іне Еңбек сіңірген қызметкер, Социалистік Еңбек Ері, Халық мұғалімі - Жақия Шайжүнісұлының қызы Гульсим Жақияқызымен кездесу өтті. Артына дара жол салып кеткен Жақия ұстаз туралы естеліктер тыңдап, ерлік ісінен өнеге алу жастар үшін зор қазына. #кездесу#жақияшайжүнісұлы#жақияшайжүнісоватындағыколледж#kefcollege

20 наурыз - Ұлттық спорт күні!

20 наурыз - Ұлттық спорт күні! Жылдағы дәстүр бойынша жігіттер намыстарын жанып, білектерін сыбанып, шапандарын иықтарына жауып, ортаға шықты. Әр түрлі сыннан өтті, таңғалдырды көпті! #ұлттықспорткүні#наурызмейрамы#бұлбіздіңжігіттер#наурызбатыры

19 наурыз - Жаңару күні!

19 наурыз - Жаңару күні! Онкүндік аясындағы бұл күннің де маңызы мен мағынасы ерекше. Өткенді қайта қарап, болашаққа жоспар құру кезеңі. Наурызнамаға енгізілген бұл атаулы күнді көктемгі ағаш егу дәстүрімен бастау ұсынылды. Қаламыздың ауа-райы ағаш отырғызуға әлі ерте болғандықтан, колледж ұжымы мен студенттері “Гүл сыйла🪴” акциясын өткізді. Айналамыз жасыл желеңге бөленіп, нағыз жаңаруды сезінгендей болдық #наурыз#жаңарукүні#ағашек#гүлсыйла#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy

18 наурыз -Ұлттық киім күні

18 наурыз -Ұлттық киім күніне орай Мунира Зайтиновна өз тобының студенттерімен бірге Балауса Рымбекқызымен керемет бір кездесу өткізді. Кездесу ұлттық киім мен әшекей бұйымдардың құндылықтары мен сән беретін ерекшеліктері туралы болды. Қыздардың сұлулығына, киім кию үлгісіне назар аударып, мән беріп жүрген “Syrgalym” қыздар клубы мен 1 нег УА-2 тобы қатысты. #ұлттықкиім#әшекей#қолөнер#syrgalym

«Оқуға құштар колледж»

«Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана, әрбір жан өзін интеллегент бола бастадым деп санауына болады»,-деген Мұхтар Әуезовтің өсиет сөзін негізге ала отырып, “Оқуға құштар колледж” концепциясы бойынша жастарды кітап оқуға баулып келеміз. Жастарға айтарымыз: кітап оқыңдар! Бүгінде адамның бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. Кітап адамды жан-жақты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді! #буккроссинг#оқуғақұштарколледж#кітапоқиық#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy

«Оқуға құштар колледж»

«Оқуға құштар колледж» жобасы бойынша наурыз мерекесіне байланысты «Ақылдылар мен алғырлар» әдеби ойыны өтті. 10 күн көлемінде тойланып, ұлттық құндылықтарымызды арттыратын жыл басы туралы көптеген қызықты мәліметтер айтылып, сұрақтар қойылды #наурыз#наурызмерекесі#оқуғақұштарколледж#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy

Шаңырақтарыңыз биік, керегесі кең болсын!

Шаңырақтарыңыз биік, керегесі кең болсын! #шаңырақкүні#наурыз#наурызқұттыболсын

“Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне”

Бүгін “Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне” орай кітапханашы Г.Т. Сұлтанбаева 2негУА-1 тобымен ұлттық құндылықтарымыздың бір ошағы іспетті “Өлкетану музейіне” барып қайтты. Студенттеріміз ұлттымыздың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық тағам, киім, тұрмыстағы басқа да жабдықтарды тағы бір көздерімен көріп, құлақтарымен естіп, қасиетін сезініп қайтты. #semeymuzey#семеймузейі#өлкетанумузейі#мәдениет жәнеұлттықсалтдәстүркүні#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy#біртұтас_тәрбие_абай_облысы

15 наурыз -қайырымдылық күні!

Бүгінгі қайырымдылық күнінде колледж студенттері (қыздар) аналар үйіне барды. Әр түрлі тағдыр иелерінің әңгімелерін тыңдап, қателесуге, көлденең көк аттыға алданып қалуға болмайтынын түсініп қайтты #аналарүйі#қайырымдылықкүні#біртұтас_тәрбие_абай_облысы

15 наурыз -қайырымдылық күні!

15 наурыз -қайырымдылық күні! Қолыңыздан келсе қайырымдылық жасап, көктеммен бірге мейіріміңізді төгіңіз! #15наурыз#көктем#жаңашылдық#қайырымдылық

“Үздік презентация”

Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына арналған студенттердің “Үздік презентация” облыстық байқауынан Мақамбекова Дильназ жүлделі 3 орын алды. Жетекшісі Касымова Гульнур Ильясовна @gulnurkasymova274 Үздіктерімізді құттықтаймыз #конкурс#байқау#презентация#abai_bilim_basqarmasy#біртұтас_тәрбие

14 наурыз – Көрісу күні

Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Әсіресе, бірге жүрген құрбы-құрдастармен құшақтасып, қауышу үлкен қуаныш! Дәм ұснып, құшақ жая қарсы алған 1 нег УА-1 тобына көөөп рахмет! #14наурызкөрісукүні#амалмерекесі#наурызайытуғанда#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy#біртұтас_тәрбие_абай_облысы

Интерактивный урок по математике с группой 1 осн УА-1

Интерактивный урок по математике с группой 1 осн УА-1. Преподаватель предмета Касымова Г.И.

“Наурыз-жыл басы ма?” тақырыбындағы пікірсайыс турнирі

Наурыз айы туғанда өтетін шаралар саны тіптен көп. Жаңару мезгілімен тұспа-тұс келген шаралар да жаңа желпініс силап жатқан сияқты. Соның бірі бүгінгі дебат клубы студенттерінің өткізген “Наурыз-жыл басы ма?” тақырыбындағы пікірсайыс турнирін. #турнир#пікірсайыс#наурыз

«Қаржылық есеп» пәнінен интерактивті сабақ

«Қаржылық есеп» пәнінен интерактивті сабақ

Он күндік цикл комиссиясының жабылуы

Он күндік цикл комиссиясының жабылуы Барлық белсенді студенттерге рахмет! #декада#награждениепобедителей

«Plickers көмегімен не жасай аласыз?»

Бүгін Ардақ Тоқтарұлы «Plickers сервисі арқылы не жасауға болады?» атты ақпараттық технологиялар бойынша өте пайдалы семинар өткізді. Мұғалімнің планшетіне немесе ұялы телефонына орнатылған iOS немесе Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін Plickers мобильді қосымшасы студенттердің қағаз карталарынан QR кодтарын оқиды. Live View режимінде ашылған Plickers веб-сайты және проекторы бар компьютер немесе ноутбук студенттерге мұғалімнің сұрағын көруге мүмкіндік береді. Сауалнаманың соңында оның нәтижесі экранда көрсетілуі мүмкін, өйткені қолданба жауап статистикасын көрсетеді және оның талдауы негізінде диаграмма құрады #семинар#ақпараттық технологиялар

Сіздерді 8 наурыз - Көктем мерекесімен құттықтаймыз!

Жақия Шайжүнісов атындағы колледж ұжымы мен қызғалдақтай құлпырған қыздары! Сіздерді 8 наурыз - Көктем мерекесімен құттықтаймыз! Көңілдеріңіз көктемдей жарқын, жайдары болсын! Сұлулық пен әсемдік, мейірім мен бақыт жандарыңызды жадыратсын. Әр күндеріңіз күлкіге, махаббатқа, қамқорлық пен қуанышқа толы болсын!

«Еркін микрофон»

«Еркін микрофон» әдісімен «Досым, сырласым...» тақырыбында кітапхана пәтерінде дөңгелек стол басында сұхбат-сырласу өткізілді. Шара ұйымдастырушысы колледж кітапханашысы Султанбаева Гулмира Төлеутаевна @gulmira_s64 #оқуғақұштарколледж#еркінмикрофон#досымсырласым#сұхбатсырласу

«Оқытушыларына аттестаттау ережелерін түсіндіру»

2024 жылдың 06 наурызында колледж оқытушыларына аттестаттау ережелерін түсіндіру семинары өткізілді. Семинар барысында ереженің негізгі өзгерістері қарастырылды.

«МИФ»

Бүгін Касымова Гүлнур Ильясовна @gulnurkasymova274 мен Оралбаев Ардақ Тоқтарұлының ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында информатика, математика және физика сабақтарынан “Миф” сайыс сабағы өтті. 5 кезеңнен тұратын сабақтан тыс шараның нәтижесінде: 1 орын - 1 нег УА-3 тобы, 2 орын - 1 нег УА-1 тобы, 3 орын - 1 нег УА-2 тобы иеленді. #информатика#математика#физика#сайыссабақ

«Бухгалтерлік есеп»

Бүгін асыл күн! Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінде «Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша облыстық олимпиада өтті. Бизнес колледжі, SFEK және біздің колледж қатысты. Олимпиада – бәсекелестік ортадағы білімді байыпты сынау, байсалдылық, төзімділік және жеңіске деген жігер сынағы, оптимизм атмосферасын қалыптастырады және оқушылардың өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне деген сенімін арттырады. Бар қабілеттерін көрсете отырып, оқушыларымыз Каленова Аружан 1 орын, Серікқазиева Саяжан 3 орынға ие болды. Барлық қалған қатысушыларға рахмет! #олимпиада#бухгалтерскийучет#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy#оқуағарту

“Бизнес болашақ”

Көктемің алғашқы күні колледж үшін қанжығалы болды!!! Қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі Алихан Бөкейхан университетінде “Бизнес болашақ” тақырыбында Семей қаласы колледж студенттері арасында экономикалық бағыттағы олимпиада өтті. Бәсекелі тартысқа толы бұл олимпиадаға келесі колледж командалары қатысты: - Рымбек Байсеитов атындағы қаржы-экономикалық колледжі; - Жақия Шайжүнісов атындағы колледж; - Бизнес және сервис колледжі; - Электротехникалық колледжі; - Қайнар колледжі. “Бизнеске әркімнің-ақ бар таласы” боп тұрған мына заманда, қарсыластың бәрі мықты болды. Десе де, өздерін мойындатып, алға оза шапқан “Adam Smit” атын ұрандатып барған біздің колледж болды. Қасенова Айжан Зайтиновна @aijankasenova05 дайындап, жетекшілік етіп барған Махатов Даниал, Рыспкекова Асель, Нурланулы Ералы, Исмагамбетов Иса, Халлиулаев Данияр сынды студенттеріміз білім сынынан сүрінбей өтті. Орын алмаса да, жақсы нәтиже көрсеткен “Волки из Wall street’s”, яғни Сламханов Адиль, Толегенов Аскар, Беспалова Таисия, Грицаева Александра, Куанышев Султанды пән оқытушысы, жетекшілері @munira12_91 Касенова Мунира Зайтиновна бастап барған болатын. 2 орынды Рымбек Байсеитов атындағы қаржы экономикалық колледжі; 3 орынды Қайнар колледжі алды. Колледж атын асқақтатып, алған білімдерінен жақсы нәтиже көрсеткен ұстаздарымыз бен студенттерімізге мың Алғыс!! Бүгінгі күн осындай әрі, жеңісті, жемісті күн болды #жеңіс#алиханбөкейхануниверситеті#бизнесболашақ#abai_bilim_basqarmasy#kefcollege

Спорт - денсаулық кепілі!

Спорт - денсаулық кепілі! Спортпен айналысу ешқашан артық болмайды. Мұғалімдермен денсаулық сағаты #спорт#здоровье

Жолдастық кездесу

Семей колледжі және Жақия Шайжүнісов атындағы колледж спортшыларының жолдастық кездесулері #спорт#баскетбол#жолдастықкездесу

Орыс тілі - әлемдегі ең әдемі және бай тілдердің бірі

Орыс тілі - әлемдегі ең әдемі және бай тілдердің бірі. Бұл көптеген жұмбақ, белгісіз және өте қызықты нәрселері бар таңғажайып ел. Оқу-танымдық іс-әрекетке, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, жолдастық, өзара сыйластық, бір-біріне деген төзімділік сезімдерін дамыту мақсатында @saduakassova02 Миргүл Орынғалиқызы Сәдуақасова 1 курс студенттері арасында «Сауат ашу» сайысын өткізді. орыс тілі мен әдебиеті. #русскийязыкилитература#конкурс#грамотей

1 наурыз Қазақстанда Алғыс күні

Көктемнің алғашқы күнімен жарыса келген Алғыс айту күні ерекше мейрам. Көңілге қуаныш ұялап, Күнмен бірге жанымыз жадырап, айналамызға, жақындарымызға алғыс айтудамыз. Қанша жылдан бері бізбен бірлесіп еңбек етіп, қолдап келесіздер. Ауырсақ ем іздеп, жанымызға саулық тілеп өздеріңізге барамыз. Ерен еңбектің үздік жолын көрсеткен өздеріңіздей ақ халатты абзал жандарды үлгі тұта отырып, зор Алғыс білдіреміз. Қолдауларыңыз бен тілектес ниеттеріңізді әрдайым көріп, сезіп жүреміз. Дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға жеміс тілейміз! #алғысайту#оқуағарта#abai_pd#abai_bilim_basqarmasy#біртұтас_тәрбие_абай_облысы

Топ жетекшісі мен шәкірттері арасындағы сыйластық осындай болсын

Топ жетекшісі мен шәкірттері арасындағы сыйластық осындай болсын #алғысайтукүні#оқуағарту#біртұтас_тәрбие_абай_облысы#abai_pd#abai_bilim_basqarmasy

1 наурыз Қазақстанда Алғыс күні болып тойланады!

1 наурыз Қазақстанда Алғыс күні болып тойланады! Достық, мейірімділік пен ынтымақтастықтың мәңгілік құндылықтарын бейнелейтін мереке. Бұл видеоны көргенде тіпті көз жасыма ерік берді. Балаларымыз әрқашан ата-анасының қасында болсын! Бізге өмір сыйлаған ата-анаға бәріміз алғыс айтамыз. Қандай тамаша мереке! #алғысайтукүні#алғысайту#оқуағарту#ұстазғаалғыс#1наурызалғысайтукүні#біртұтас_тәрбие_абай_облысы#abai_pd#abai_bilim_basqarmasy#деньблагодарности

1 наурыз - Алғыс айту күні

1 наурыз - Алғыс айту күні қарсаңында, колледж студенттері Төтенше жағдайлар қызметкерлері, соның ішінде өрт сөндірушілерге алғыс айтып, ризашылықтарын білдіріп қайтты. Лаулаған оттың арасынан өзгенің өмірін сақтап қалу үшін тәуекелге бел буып, көзсіз ерлік көрсетіп жататын ерен еңбек иелері дәйім елдің алғысына бөленіп жүрсе екен Еңбектеріңіз жемісті, отбасыларыңыз аман болсын! Елімізде, жерімізде өрт болмасын!! От жағудағы қатаң қағидаларды сақтау бәріміздің міндетіміз! Сол қағида мен ережелерді қатаң сақтасақ екен Өрт сөндіріп, енді ғана кіріп жатқан ағаларымыздың амандығын тілеп қайттық #алғысайтукүні#алғысайту#оқуағарту#1наурыз#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy#біртұтас_тәрбие_абай_облысы#төтеншежағдайлардепартаменті#өртсөндірушілер

Әлемнің әртүрлі тілдерінде «Рахмет»!

Әлемнің әртүрлі тілдерінде «Рахмет»! Сіздергеде рахмет, достар!! #деньблагодарности#спасибовсем #алғысайтукүні#ұстазғаалғыс#1наурызалғысайтукүні#біртұтас_тәрбие_абай_облысы#abai_pd#abai_bilim_basqarmasy#оқуағарту#алғысайту

Шәкірттен алғыс алу - ұстаз үшін ең үлкен құрмет!

Алғыс - Алия Агалиевнаға! Алғыс - Ұстаздарымызға! Алғыс - колледж қызметкерлеріне! #алғысайтукүні#ұстазғаалғыс#1наурызалғысайтукүні#оқуағарту#біртұтас_тәрбие_абай_облысы#abai_pd#abai_bilim_basqarmasy

Шәкірттен алғыс алу - ұстаз үшін ең үлкен құрмет!

Шәкірттен алғыс алу - ұстаз үшін ең үлкен құрмет! Ұстаздарын алғысқа бөлеп, шынайы сезімдерін білдіріп жатқан студенттерімізге ризашылығымызды білдіреміз!💐 #алғысайтукүні#ұстазғаалғыс#1наурызалғысайтукүні#оқуағарту#біртұтас_тәрбие_абай_облысы#abai_pd#abai_bilim_basqarmasy

“Есеп және аудит” мамандығы бойынша облыстық олимпиада

Колледжімізде Абай облысы техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының колледж студенттері арасында “Есеп және аудит” мамандығы бойынша облыстық олимпиада өтті. Олимпиада нәтижесі бойынша: 1 орын - Шагимарданова Альбина, Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы экономикалық колледжі, жетекшісі Алимгожина Майнур Гапаровна; 2 орын - Ширяева Аяжан, Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы экономикалық колледжі, жетекшісі Вощакина Елена Александровна; 3 орын - Жұматаева Анель, Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы экономикалық колледжі, жетекшісі Сагимбаева Мария Александровна. Диплом иегерлерін құттықтай отырып, басқа қатысушыларға алғыс айтамыз!💐 #облыстықолимпиада#есепжәнеаудит#abai_bilim_basqarmasy#kefcollege

«Екілік сабақ»

«1 С Бухгалтерлік есеп» және «Қаржылық есеп» пәндері бойынша екілік сабақ 2 топтағы негізгі УА-2 #бинарныйурок#знание

«Spelling Bee - 2024»

Абай облысы техникалык және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Spelling Bee - 2024» облыстық байқауы өтті. Бұл шараға колледжіміздің намысын қорғап, білімдерін сынап қайтуға 1 осн. УА-3 тобының студенттері Серікқалиева Алтынай мен Рыспекқызы Баһар қатысты. #spellingbee-2024#конкурс#байқау#шеттілі

«Тоғыз айға 9 іс-шара»

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапханасы бүгін бір мезетте «Оқуға құштар мектеп» республикалық челленджін ұйымдастырды. Челлендж сағат 12:00 барлық аудан, қалалардағы білім беру мекемелерінде бір мезетте өткізілді. Ұйымдастыру тәртібі бойынша білім алушылар оқыған кітаптарымен бөлісіп, үзінді оқыды. #оқуғақұштармектеп #люблючитать #моялюбимаякнига #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы#балаларкітапханасы#kefcollege

Қол күрестен жарыс

Жуырда электротехникалық колледждің 70 жылдығына арналған жасөспірімдер арасындағы армрестлингтен өткен облыстық жарысқа колледжімізден Қыдырбекова Мадина, Қожахметова Элмира, Жармукаметова Диана, Звягинцев Тимофей қатысып қайтты. #электротехникалықколледж#армрестлинг#қолкүрес#чемпионат

Сыныптан тыс іс-шара

Сыныптан тыс іс-шара 3 курс топтары арасында «Аудит», «Салық және салық салу» пәндері бойынша «Табысты қаржыгер» ойыны.

“Оқуға құштар колледж”

4 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күні күні! “Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына” деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Еш себепсіз бір-біріңізге кітап сыйлап, өміріңізді мағыналы, ақыл-ойыңызды 💡 жарық қылып жүріңіз! #оқуғақұштарколледж#кітапсыйлаукүні#кітапсыйла#kefcollege

“Оқуға құштар колледж”

“Оқуға құштар колледж” концепциясы аясында колледж студенттері өздері оқыған көркем шығармаларымен алмасты. Жастардың оқыған сайын құмарта беретін сүйікті жазушылары Ә.Нұршайықов шығармалары қол-қолға ауыса бермек. Ал, осы жолы біршама студенттеріміздің қолынан “Отбасы хрестоматиясы” сериясымен шыққан кітаптар топтамасын да көрдік. Даналық пен даралықты насихаттайтын құндылықтар қоймасына бет алғыңыз келсе, Сіз де кітап оқыңыз! #оқуғақұштарколледж#кітапалмасу#кітапоқиық

Сейсмикалық жаттығулар

Абай облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру мақсатында, бүгін, яғни 23 ақпан күні, сағат 11:00-де облыс аумағында, бір мезетте сейсмикалық жаттығулар өткізді. Жер сілкінісі кезіндегі, эвакуациялау кезіндегі іс-әрекеттер, білім беру объектілеріндегі дабыл чемоданын дайындау және басқа да жаттығулар пысықталды. Колледжімізге бұл шараны ұйымдастырып, оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуге, ТЖ қызметкері Самат Садуов @saduovsamat8 келді. #ТЖҚ#дабыл#сейсмикалықжаттығулар#abai_bilim_basqarmasy#kefcollege

“Үздік куратор-2024”

Бүгін Жақия Шайжүнісов атындағы колледжде “Мерейлі ұстаз” жобасы аясында “Үздік куратор-2024” облыстық кураторлар байқауы өтті. Білікті кураторлардың тартысқа толы сайыстары электротехникалық колледж оқытушысы, куратор - Шынарбек Шыңғыс Әбілұлының ГРАН-ПРИ жеңісімен аяқталды. -“Шығармашыл куратор” номинациясымен - Нұрғалиева Тоғжан Талғатқызы (Р.С. Байсеитов атын. қаржы-экономикалық колледж); -“Жаңашыл куратор” номинациясымен Укаева Назерке Амангелдіқызы (Бизнес және сервис колледжі); -“Үздік ұйымдастырушы куратор” номинациясымен - Кожагулова Жаннұр Рашидовна (М.ОӘуезов атын. педагогикалық колледж); -“Үздік әдістемелік әзірлемелер” номинациясымен - Мусатаева Айгерім Кайратовна (Геологиялық барлау колледжі) марапатталды. Қалған қатысушылар зор алғысқа бөлене отырып, сертификатқа ие болды💐 #мерейліұстаз#үздіккуратор2024#abai_bilim_basqarmasy#kefcollege

,,21 ғасыр көшбасшысы'’

«Қазақстан тарихы», «География» пәндері бойынша 1 курс топтары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сыныптан тыс іс-шара. Мұғалімі Асқаров Данияр Мейрембайұлы

Ашық есік күні

Нарықтық қатынастар еңбектің сипаты мен мақсатын түбегейлі өзгертеді: оның қарқындылығы артады, шиеленіс күшейеді, жоғары кәсібилік, төзімділік пен жауапкершілік қажет. Осыған байланысты біздің колледжде жастар мен мектеп оқушылары арасында жеке тұлғаның кәсіби ниетін қалыптастыруды анықтайтын негізгі факторлардың бүкіл жүйесін терең білуге ​​және кәсіби бағдар берудің жолдарын білуге ​​негізделуі тиіс мақсатты кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізуге үлкен көңіл бөлінеді. оны жүзеге асыру. #профориентационнаяработа#профессия#кадр#деньоткрытыхдверей

“Ақынның туған күні - қазақ поэзиясының үлкен мерекесі”

Ақынның туған күні - қазақ поэзиясының үлкен мерекесі. Бұл күні қазақ елі ғана емес, алаш баласының аяғы жеткен жердің бәрінде аталып өтіледі. Мұның бәрі ақиық ақынға деген үлкен құрмет пен шығармашылығына деген махаббат белгісі екені даусыз. #мұқағалимақатаев#9ақпан#ақын#шығармашылық#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy

«Ұлттық сезім күні»

Ұлттық сезім күнін насихаттауға тамшыдай болса да, өз үлестерін қосып жатқан жастарға қолдау көрсетіп қояйық! #ұлттықсезімкүні#қаражорға#ұлттықкиім#kefcollege#Ұлттық_сезім_Абай_облысы

“Отбасы хрестоматиясы”

Бүгін “Отбасы хрестоматиясы” баспасының бөлімінің қызметкері Ажар Шалтембайқызы колледжімізде отбасы құндылықтарына арналған семинар өткізді. Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне арналған бұл тақырыпты педагогтар да, студенттер де тапжылмай тыңдады. #отбасыхрестоматиясы#отбасылыққұндылық#семинар

Startup жоба

Startup жобаларға арналған алаңда облысымыздың, қаламыздың тазалығына арналған өз жобаларын Қ.Г. Спанованың жетекшілігімен қорғап қайтқан 2 нег.УА-3 тобының студенттері Қуанышева Сабина және Тоқтаров Темірболат. Көп алдында көсіле сөйлеп, колледж намысын көтеріп жүрген осындай студенттерімізге зор алғыс! #startup#жоба#тазалық#kefcollege

«Оқуға құштар колледж»

Әзілхан Нұршайықовтың қыздарға өсиеті: Қыздар! Егер сүйген жігіттеріңе сүйікті жар боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Егер ата-енеге қымбатты келін боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Өздеріңді алақанға салып, әлпештеп отырған қоғамға адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Егер ертең, егде тартқанда, келісті ана, кемеңгер әже боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар! Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Саналы болыңдар! Ең алдымен еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам – ең ардақты адам. Дүниеде ең сұлу әйел – еңбекшіл әйел. Еңбекшіл әйел – ерге сүйікті, елге сүйкімді, отбасыға сыйлы. …Өңді қыз өтімді қыз болғанымен, түптің түбінде есті, еңбекшіл қыз ғана жақсы жігітті өкіндірмей ең асыл жар, жан серік бола алады. #әзілханнұршайықов#қыздарғаөсиет#оқуғақұштарколледж#біргеоқиық#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy

«Оқуға құштар колледж»

Ақиқат пен аңыз — Әзілхан Нұршайықовтың қаһармандық рухтағы шығармаларының бірі. Роман-диалог 1978, 1980, 2009 жылдары жеке кітап болып жарыққа шықты. Бауыржан Момышұлы жөнінде тараған аңыз-әңгімелердің түпкі түйіні өмір шындығында, сол шындықтың куәсі болған бас геройдың характерінде жатыр. #әзілханнұршайықов#ақиқатпенаңыз#бауыржанмомышұлы#оқуғақұштарколледж#kefcollefe#abai_pd#abai_bilim_basqarmasy

«Оқуға құштар колледж»

«Оқуға құштар колледж» концепциясы бойынша «Оқуға құштар колледж» челленджі. Біздің колледж студент-оқырмандары қазақтың белгілі жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларын насихаттайды. #оқуғақұштарколледж#әзілханнұршайықовшығармалары#біргеоқиық#челлендж#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy

Денсаулығыңызға абай болыңыз!

Еліміздің барлық өңірлерінде өршіп тұрған қызылшаға (корь) байланысты, ақ халатты жауапты мамандар келіп, студенттермен дәріс өткізді. Денсаулығыңызға абай болыңыз! #профилактика#қызылша#корь#дәріс

“Алаш арыстары — Мұхтар Әуезов мұражайына”

Колледж ұжымы “Алаш арыстары — Мұхтар Әуезов мұражайына” бірер сағаттарын арнап, рухани орынды аралап қайтты. Аталған мұражай 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығы ЮНЕСКО аясында аталып өтуіне байланысты Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің ұйытқы болуымен ашылған. Мұражай – қазақ тарихындағы Алаш қозғалысының қилы кезеңдерін, М.Әуезовтің Алаш зиялыларымен байланысын, қарым-қатынасын көрсетуді мақсат еткен. Алашорда өкіметінің атқарған жұмыстары, баспа бетінде жарық көрген материалдары мен фотосуреттер, сол кезде шыға бастаған басылымдар мен архивтерден алынған деректер жинақталған. #тарих#алашорда#мұражайғасаяхат

Жалпы тазалау жұмыстарын жүргізу

Жалпы тазалық жұмыстарын жүргізу – колледжіміздің игі дәстүрі. Тазалық пен тәртіп бәрінен де маңызды

Дебаттық клуб

Дебаттық клуб отырысы. Білім мен сөз өнеріне ұмтылып, ойларын ашық, еркін жеткізуге ұмтылыаэп жатқан жастарымызға “Жарайсыңдар!” деп қояйық. #дебат#жастар#білімменөнер

«Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби әлеміне саяхат» атты облыстық чемпионат

«Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби әлеміне саяхат» атты облыстық чемпионат өтіп жатыр. Ақын, жазушының шығармаларын насихаттап, жас буынды кітап оқуға, көркемсөзге дағдыландыру. Колледжімізден бұл шараға 2 негізгі «Есеп және аудит»-1 тобының студенті Жармукаметова Диана қатысып, өлеңдерінен, шығармаларынан үзінді оқып, екінші турға өтті 💐 Чемпионатты ұйымдастырушы – “Облыстық инновациялық-әдістемелік” ММ, Мұхтар Әуезов атындағы педагогика училищесі

Психологиялық тренинг

Кеше колледжімізде 6 поликлиникадан келген кәсіби психолог мамандар Жарасова Баян Муратовна мен Мухаметгалиева Назерке Рамильевна тренинг өткізді. “Өзімді тани алып жүрмін бе? деген тақырып жастарды елең еткізіп, қызығушылықтары артып, ойларын ашық жеткізіп, бір серпіліп қалғандай болды. #психолог#тренинг

“9 айға 9 іс-шара”

Оқу жылының басында белгіленген республикалық “9 айға 9 іс-шара” челленджінің қаңтар айындағы белгіленген шарасы “қазақтың есебі” болатын. Осы шараны қолдау мақсатында математика пәнінің оқытушысы Г.И. Қасымова колледж студенттірімен есеп шығарды. #республикалықчеллендж#9айға9ісшара#математика#қазақесебі#abai_bilim_basqarmasy

Ашық есік күні.

Ашық есік күні. Колледж қонақтары 31 орта мектеп #профориентационнаяработа#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy

“Өлкетану” музейі

Туған өлкемізді қаншалықты жақсы білеміз деген мақсатпен 3негУА-1 және 3нег УА-3 топтары “Өлкетану” музейіне @semeymuzey барып қайтты. Өңіріміздің ғылымы мен біліміне, экономикасына, тарихына үлес қосқан тұлғалар мен жерүсті, жерасты байлықтарымыздың қорын көріп, білімдерін толықтырып қайтты. #өлкетанумузейі#абайоблысы#abai_bilim_basqarmasy#kefcollege

“Оқуға құштар колледж”

“Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы аясындағы кітап алмасу сәтінен! #оқуғақұштарколледд#кітапоқиық#кітапалмасу

Студенттердің ПДН инспекторымен кездесуі

Студенттердің ПДН инспекторы Ажар Қайырлықызымен " Вайпинг. Синтетикалық препараттар". Өзіңізді және туыстарыңызды қорғаңыз! #встреча#берегитесебя

Ұлдар арасындағы қолкүрес

Біздің жігіттер! Жігіттердің төресі де, төбесі де біздің колледжде ғой,шіркііііін! Ұлдар арасындағы қолкүрес #армрестлинг#қолкүрес#жігіттер#спорт#kefcollege

Жақия Шайжүнісұлы атындағы электронды колледждің 2023 жылғы қортындысы

Жақия Шайжүнісұлы атындағы электронды колледждің 2023 жылғы қортындысы Итоги работы 2023 электронного колледжа имени Жакии Чайжунусова #oky_aqarty_ministirliq #abai_bilim_basqarmasy #2023жылқортындысы #итогиработы #kefcollege

"Оқуға құштар колледж"

Кітап оқуды дәріптеуге арналған "Оқуға құштар колледж" концепциясы аясында кітапхана сөрелеріндегі немесе өздерінің жеке кітапханаларындағы көркем шығармаларды оқып,алмасып,бір-біріне ұсынып оқу жақсы әдетке айналды. Ұшқыр қиял, орамды ой,көркем сөз сөйлеу, шешіліп шешендігін көрсету, студенттер арасында бәсекеге айналып келеді!Бірге кітап оқиық,достар! #оқуғақұштарколледж#біргекітапоқиық#көркемшығарма

"Болашаққа хат"

9 айдың желтоқсанға тиесілісі "Болашаққа хат" жазу челленджі болатын. Бүгін колледж студенттері жеткен жетістіктеріне есеп бере отырып,болашақтарына қиял жүгіртті📝. Жастарымыздың болашақтары жарқын,ойлары ұшқыр болсын! #моёписьмо#моебудущее#шығармажазу#меніңболашағым#болашаққахат#Біртұтас_тәрбие#біртұтас_тәрбие_абай_облысы

«Әлемдік экономика»

Халықаралық қатысумен өткен аймақтық сайыста біздің колледж командасы «Әлемдік экономика» секциясы бойынша 3 орынға ие болды. Ал жекелей сында Сәбетқазы Айым 3-орынға ие болды. Біздің студенттер керемет! #областнойконкурс#победа#победители#призовоеместо

"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 32-жыл"

Көгіміздегі көк туымыз мәңгілік желбіреп,тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! #тәуелсіздіккүні#16желтоқсан#көкту

«Оқуға құштар колледж»

Қазақ жазушыларының Отан тақырыбында жазылған шығармаларымен таныстыру әрі насихаттау, оқырмандардың патриоттық сезімін нығайту, кітап оқуға деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында «Отан тарихы әдебиеттерде» атты оқырман конференциясы өтті. «Оқуға құштар колледж» аясында өткізілген осы іс –шара, оқырманға өзі елінің тарихына тағы бір көз жүгіртіп, талай қиындықтар мен тағдырдың соққылары қазақ халқының басына тигенін, қазіргі шуақ күндерге қалай қол жеткенін, сол тарихи шығармалардың кейіпкерлерін көзімен көргендей болып, өз ара ой бөлісуге мүмкіндік берді.Студенттер белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті. #конференция#баяндамашы#оқуғақұштарколледж#оқуғақұштаржастар

"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 32-жыл"

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 32-жыл ! Мереке қарсаңында 2 курс студенттері волейболдан жарыс ұйымдастырып,бақ сынасты. #қазақстанреспубликасы#тәуелсіздікке32жыл#волейбол#жарыс#2курс

"Ашық есік күні"

"Қыстың қамын жаз ойла" демекші,біз жаздың қамын қыста ойлап жатырмыз😊. 9,11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы басты назарға алынып,жауапты оқытушы Садуақасова М.О. қаламыздағы бірнеше мектепте үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, "Ашық есік күнін" ұйымдастыруда. 37 мектеп-гимназиядан @37gymnasium.semey келген 9 сынып оқушылары колледжіміздің білім үрдісі мен тәрбиеге қатысты барлық шараларының куәсі болды. "Ж.Шайжүнісов шыңын бағындырушылар мектебі", "Syrgalym"қыздар клубы, "Дарабоз" ұлдар клубы" "Гуманист" дебат клубы өз жұмыстарын таныстырса, "Кітапқа құштар колледж" концепциясы бойынша кітапхана, спорт залда дартс,тоғызқұмалақ ойнап жатқан спортшылар да,әнші-бишілеріміз де өз өнерлері мен ойындарын,шығармашылық жетістіктерін көрсете білді. Мамандық таңдауда жаңылмай,біздің колледжге келіңіз! #кәсіптікбағдар#профориентационнаяработа#мамандықтаңдау#ашықесіккүні#kefcollege

"Ашық есік күні"

5 желтоқсан күні 37 мектеп-гимназия оқушыларына ұйымдастырылған "Ашық есік күні", қыз қылығы мен әдебіне,әдемілігі мен күтіміне баса назар аударып жүрген "Syrgalym" қыздар клубы да өз жұмыстарын көрсетті. Келе жатқан Жаңа Жылда айналаңызды "Syrgalym" қыздар клубымен бірге безендіріңіз! #syrgalym#қыздарклубы#әдемілік#қолөнер

“Шахматтан жарыс”

Шахмат ойнаған адамның дүниетанымы кеңейіп,сөздік қоры, ойлау қабілеті дамиды. Білім сауаттылығы артып,математика, химия , физика секілді пәндерге көп септігін тигізеді. Ой мен ойлауды машықтандыратын бұл ойынды бүгін 1 курс студенттері арасында шахматтан жарыс түрінде өткіздік.

1 орынды Орымбаев Бекзат, 1 осн УА-1

2 орынды Канатбекқызы Жанерке, 1 осн УА-1

3 орынды Турсынов Даулет, 1 осн УА-3 иеленді. Шахмат ойнауды сіз де үйреніңіз!

#шахмат#ойын#ойлау#математика#физика#1курс#жарыс

“Тоғызқұмалақтан жарыс”

Кеше 1 курс студенттері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Оза шауып,орын алған:

1 орын Қанатбекқызы Жанерке -1 нег ЕА-1.

2 орын Кожахметова Эльмира - 1 нег.ЕА-3,

3 орын Мұхаметқалиқызы Аружан - 1 нег.ЕА-2 студенттерімізді құттықтаймыз!

#тоғызқұмалақ#жарыс#1курс

“Ата-аналар жиналысы”

Студенттердің білімі, тәртібі,қоғамдық шараларға деген белсенділігі,жеке бас гигиенасымен тағы да басқа көптеген мәселелер көтерілген ата-аналар жиналысы өтті. Балаларының үлгерімі мен жеткен жетістіктерінің куәсі болып,топ жетекшілерінің қызықты формада ұйымдастыра білген бас қосуынан ата-аналар жақсы әсермен кетті деген ойдамыз #ата-аналаржиналысы#үлгерім#тәртіп#жетістік#топжетекші#біртұтас_тәрбие_абай_облысы

"Мен жастарға сенемін"

Облыстық "Мен жастарға сенемін" әдеби байқаудан 3-ші орын алған Жармукамбетова Диананы құттықтаймыз!Жарайсың!

“Syrgalym”

“Syrgalym” қыздар клубы әдемілікті үлгі тұтып, көрікке көктемдей шырай беретін бірнеше шаралар өткізіп жүреді. Соның бірі шаш үлгісін 💇🏻‍♀️көрсету. Қыздарымыз көрікті,сұлу,әдемі де,әсем болып жүрсін! #қыздарсұлукөрінер#қызқызғалдақ#шашүлгісі#біртұтас_тәрбие_абай_облысы#kefcollege

«Жасанды интеллект керек пе?»

«Жасанды интеллект керек пе?» тақырыбындағы "Гуманисты" дебат клубының ойыны. #дебат#клубгуманисты#сөйлеумәдениеті

"Ана үйі"

Қыз балаға қамқорлық,қолдау,қорғау мақсатында ашылған "Ана үйі" қоғамдық қорының мүшесімен кездесу өтті. #анаүйі#қыздар#қамқорлық#біртұтас_тәрбие_абай_обл

Берекелі жәрмеңке

Берекелі жәрмеңке, Мерекелі жәрмеңке!

Онкүндіктін жабылу салтанаты

Бухгалтерлік есеп және экономикалық пәндер циклдік комиссиясының онкүндігінің жабылуы. Белсенді қатысқан студенттерге көп рахмет! #декада#образование#студенты#kefcollege

"Оқы және өзгеге сыйла"

"Оқы және өзгеге сыйла"атты буккроссинг акциясы колледж кітапханасында мұғалімдер мен оқушылардың ат салысуымен өткізілетін акция. Бұл акцияның негізгі мақсаты колледж кітапханасындағы кітап қорын молайту және байыту. Сонымен қоса игі іс жасау, яғни өзіңіздің сүйіп оқыған кітабынызды басқа да оқырмандармен бөлісіп, оларға да түрлі жанрдағы кітаптарды оқуға мүмкіндік беру. Жастарға айтарымыз: кітап оқыңдар! Бүгінде ұлттық бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. Кітап адамды жан-жақты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді! #оқуғақұштарколледж#кітапоқы#кітапсыйла#kefcollege

"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"

Бүгін Абай атындағы кітапхана қызметкері Лаура Бүркітова келіп,"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. #ақпараттықсағат#abai_kitaphanasy#kefcollege#біртұтас_тәрбие_абай_облысы

15 ноября - Национальный день валюты

Бухгалтерлік есеп және экономикалық пәндер циклдік комиссиясының онкүндігі аясында статистика бойынша «TREND» экономикалық ойыны өтті. Мұғалімі Успанова Жанар Төлеуханқызы

15 қараша-Ұлттық валюта күні

Ұлттық теңге және қаржыгерлер күніне орай,колледж түлектері,банк және бухгалтер мамандар Өміртаева Ақмарал, Зағыпанова Құралай қыздарымызбен кездесу өтті. Колледж қабырғасындағы қызықты сәттерімен бөлісе отырып,білім жолында талап пен талпыныстың жоғары болу керектігі,үлкен жетістіктің кішкентай колледждегі білімнен басталатыны туралы айтты. Өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, мықты маман болу жолындағы құпияларын айтты. Түлектеріміздің колледжге келіп,тәтті естеліктерімен бөлісіп,соңындағы жас буынға ақыл-кеңестерін айтқандары қатты қуантты. Біз Сіздермен мақтанамыз!😍😍😘😘💐 #бұлбіздіңтүлек#біздіңмақтаныштарымыз#қаржыгер#мықтымаман#kefcollege

,,МОDERN MARKETING''

Кеше экономикалық турнир болды ,,МОDERN MARKETING'' 2-ші курстың 2-ші топтары арасында 2 курс УА-1, УА-2, УА-3 #турнир#экономическийтурнир#деньнациональнойвалюты#деньфинансистов#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy

"Экономикалық білім лабиринті"

"Экономикалық білім лабиринті" интеллектуалды ойынына қатысып,колледжімізге "Бас жүлде" әкелген студенттерімізге және оларды дайындап,бәйгеге қосқан Айжан Зайтиновна мен Мунира Зайтиновнаға зооор алғыс айтамыз!💐💐Құттықтаймыз! #жеңіс#басжүлде#интеллектуалдыойын#экономисттер#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy#abai_imc

15 қараша-Ұлттық валюта күні

Көңілді үзіліс #ұлттықтеңгекүні#қаржыгерлеркүні#15қараша#көңілдіүзіліс#abai_bilim_basqarmasyabai_imc#abai_bilim_basqarmasy#kefcollege

15 қараша-Ұлттық валюта күні

Есеп-экономикалық пәндер бойынша сабақтан тыс іс-шара,, FINANS KVIZ" оқытушы Мунира Зайт. 3 курс топтары қатысты: 3 негізгі УА-1,3 негізгі УА-2,3 негізгі УА-3 #внеурочноемероприятие#деньнациональнойвалюты#деньфинансистов#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy

15 қараша-Ұлттық валюта күні

Колледжде есеп-экономикалық пәндер апталығы жалғасуда. Үлкен өзгерісте 2-3 курс студенттері ойындарға, жұмбақтарды шешуге қатысты. Шапшаң, шапшаң студенттер өздерін нағыз қаржыгер ретінде көрсетті #деньнациональнойвалюты#деньфинансистов#kefcolleg

15 қараша - Ұлттық валют күні

15 қараша - Ұлттық валютамыз Теңге және көп жылдар бойы қалыптасқан Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлері атап өтетін кәсіби мереке - Қаржыгерлер күні! Осыған орай колледжімізде онкүндік жүріп жатыр #теңге#ұлттықвалюта#финансист#қаржыгер#онкүндік#abai_bilim_basqarmasyabai_imc#kefcollege

«Оқуға құштар колледж»

«Бабалар үні / («Алаштың 5 бес арысының бірі Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларынан») - Ауызша журнал 2023 жылдың 9 қарашасында Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледжінің кітапханашысы «Оқуға құштар колледж» бағдарламасы аясында «Бабалар үні» атты ауызша журнал іс-шарасын өткізді. Іс-шараның жақсы өтуіне 2 негізгі «Есеп және аудит-1» тобының студенттері Қыдырбекова Мадина мен Мұратқанова Шұғыла өз үлестерін қосты. Ауызша журналдың бірінші беті «Ахмет Байтұрсынов өмірбаяны, ағартушылық шығармалары», 2-ші беті «Ахмет Байтұрсынов мысалдары», 3-ші беті «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тілтану ғылымының атасы» деп аталып, барлық тақырыптар кеңінен талқыланды. Білімалушылар Алаш арысы, ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов туралы білгендерін толықтыра түсті. #ұлткөсемі#алаш#ахметбайтұрсынов#ахметбайтұрсынов150жыл#оқуғақұштарколледж#кітапоқиық

"Менің өмірімді өзгерткен кітап" тақырыбындағы эссе

Елімізде өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу мақсатында әртүрлі ұтымды жобалар мен бағдарламалар ұйымдастырылуда. Нәтижесі өз жемісін көрсетіп келеді.Бұған дәлел,кітапхана оқырмандарының көбеюі, жастардың оқуға деген қызығушылығының артуы. Осындай игі шаралардың тағы бірі "Менің өмірімді өзгерткен кітап" тақырыбындағы эссе. Бұл шараға колледжіміздің 2-3 курс студенттері қатысты. #оқуғақұштаркітап#кітапоқиық#кітапбілімбұлағы#біртұтас_тәрбие#біртұтас_тәрбие_абай_облысы

"Дебат клубы"

Озық ойлы,орақ тілді боламын десең,біздің дебат клубымызға қосыл! #дебат#дебатклубы#сөзөнері#өнегеліжастар#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy#abai_imc

"Асыл мұра"

Бүгін студенттеріміз Абай атындағы театрда бірінші облыстық сәндік-қолданбалы "Асыл мұра" өнер байқау-фестивалін тамашалап қайтты #abai_teatry#асылмұра#өнербайқауфестиваль#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy#біртұтас_тәрбие_абай_облысы

"Темекі мен жұқпалы аурулардың таралу жолдары"

Бүгін 1-3 курс студенттерімен "Темекі мен жұқпалы аурулардың таралу жолдары" туралы нарколог Мухтар Нурмаханбетович және 6 поликлиника медбикесі Бисагимовна Нахизат мамандармен сұхбат өтті. Шалыс басып,жаман әрекеттерге бармауды слайд,видео дәлелдер арқылы көрсетіп,бәрі өз қолымызда екенін,денсаулыққа асқан жауапкершілікпен қарау керек екенін ескертті. #денсаулық#денсаулықсақтау#нарколог#біртұтас_тәрбие_абай_облысы#abai_bilim_basqarmasy#kefcollege

Студенттерге арнау

Студенттерге арнау Біз сізді колледжге түсуіңізбен тағы бір рет құттықтаймыз,бірақ бірінші курс студенті бірінші сессиядан кейін ғана нағыз студент болып саналатынын еске саламыз 😉 ! #посвящениевстуденты#kefcollege#студенческиегоды#сокурсники#abai_jastary

Құқық негіздері

Құқық мазмұнының негізгі элементтері - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару болып табылады. Құқығым тапталмасын десеңіз,сабаққа ынталы болыңыз! #құқықнегіздері#интербелсендісабақ##kefcollege#abai_bilim_basqarmasy#abai_imc#altynsarin_academiasy

Информатика

Информатика — компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы. Қоғамға пайдалы,бәсекеге қабілетті маман боламын десеңіз,информатика пәнін жақсы оқыңыз! #информатика#интерактивтісабақ#abai_bilim_basqarmasy#abai_imc

"Менің елім-Қазақстан!"

Әйнегі – күн, Шатыры – аспан, Кең далам асқақ. Төсі толған егін, Көлдері күміс шашақан, Қазақстан – Республикам менің! Республика күні құтты болсын! #салтанаттыжиын#концерт#республикакүні#меніңелім#көкту#жасайберқазақстан #Біртұтас_тәрбие @abai_bilim_basqarmasy @abai_imc @altynsarin_academiasy @rumcdo_official

"Менің елім-Қазақстан!"

25 қазан -Республика күніне арналған "Менің елім-Қазақстан!" топ сағаты. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болып,көк туымыз көгімізде желбірей берсін 🇰🇿🇰🇿🇰🇿! #республикакүні#republicday #көктудыңжелбірегені #Біртұтас_тәрбие @abai_bilim_basqarmasy @abai_imc @altynsarin_academiasy @rumcdo_official

Жеңіс

Дзюдодан 3 орын алып, республикалық турнирге жолдама алды #спорт#дзюдо#турнир#победа

25 Қазан Республика күні

Бүгін колледжімізде 25 қазан - Республика күніне орай," 9 айға 9 іс-шара" жобасы аясында, бір мезгілде мемлекеттік әнұранды орындау челленджі өтті. Еліміздің ертеңі,жеріміздің қорғаны болар жастарымыздың нағыз патриот болатындарына кәміл сенеміз! #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #гимнказахстана #әнұранорындау #9_ай-9_іс-шара_Абай_облысы #республикакүні #kefcollege

Оқуға құштар колледж

Адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар орта – кітапхана. Елімізде кітап оқуға деген ынта-ықыласты арттырудың түрлі амалдары қарастырылып,"Оқуға құштар колледж" жобасы жақсы жұмыс істеп келеді. Кітап оқуға деген сүйіспеншілікті арттырды. Осыған орай өткен "Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес беремін» - библио-кросс. #оқуғақұштарколледж#библиокросс#кітапоқы#кітапқақұштарлық

25 Қазан Республика күні

Флешмоб студентов колледжа "будущее в руках образованной молодежи", специально снят ко Дню Республики 25 октября! #республикакүні #болашақбілімдіжастардыңқолында ##kefcollege

Сенбідегі сенбілік

Сенбідегі сенбілік #күз#табиғаттыаялайық#сенбілік#тазалық

"Энерджайзеры"

Республика күніне арналған "Энерджайзеры" спорттық ойын. Студенттерді шынықтырып, шымырландырып жіберген бұл сайыс өте көңілді,қуанышқа толы болды. Топтасқан студенттердің жарасымды бірлігі көрінді. Жылдамдық,шапшаңдық,төзімділік,күш пен жігер сыналған сайыста:

1орын 2 осн УА-3;

2орын 2 осн УА-1;

3орын 2 осн УА-2 топтарына бұйырды.

Еліміздің жастары тату,ұйымшыл болса,алмайтын қамалдары болмас!

#Republicday #республикакүні #sport#спорт #Біртұтас_тәрбие @abai_bilim_basqarmasy @abai_imc @altynsarin_academiasy @rumcdo_official

,. Мен өз құқығымды білемін"

Құқықтық пәндер бойынша сабақтан тыс іс-шара,, мен өз құқықтарымды білемін" 3 курс топтары арасында. Оқытушы Ербаева Райгүл Болатқызы #внеурочноемероприятие#язнаюсвоиправа#abai_bilim_basqarmasy#abai_imc #oqu_agartu_ministrligi #RepublicDay #абайоблысыбілімбасқармасы

«Мемлекеттің болашағы қазақ тілінде...»

25 қазан - Республика күніне орай 3 негізгі УА-3 тобы «Мемлекеттің болашағы қазақ тілінде...» тақырыбында эссе жазды. #oqu_agartu_ministrligi #абайоблысыбілімбасқармасы #RepublicDay#Біртұтас_тәрбие @abai_bilim_basqarmasy @abai_imc @altynsarin_academiasy @rumcdo_official

«Алло,мы ищем таланты!»

Результаты конкурса «Алло,мы ищем таланты!»:

1 место группа 1 осн УА-3;

2 место группа 1 осн УА-1;

3 место группа 1 осн УА-2

Мы очень любим своих талантливых студентов Вы молодцы!!!

#алломыищемталанты#искусство#мастерство#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy#abai_imc

Айдана Жанболатовнаның қызықты биология сабағы

Айдана Жанболатовнаның қызықты биология сабағы #биология#сабақ#біліктіұстаз#білімгеқұштаршәкірт#abai_bilim_basqarmasy

"Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз"

"Оқуға құштар колледж" бағдарламасы аясында "Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз" тақырыбындағы әдеби аукцион өтті.Шара ұйымдастырушысы кітапханашы - Султанбаева Г.Т. В рамках проекта «Оқуға құштар колледж» был проведен литературный аукцион «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз». Организатор мероприятия библиотекарь - Султанбаева Г.Т. #оқуғақұштарколледж#абайқұнанбайұлы#abai#өлең#қарасөз#аударма#саз#кітапхана#abai_bilim_basqarmasy#kefcollege#Біртұтас_тәрбие

"Ес- Аймақ" халықтық театрлар фестивалі

Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған "Ес- Аймақ" халықтық театрлар фестивалі аясында өтіп жатқан Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы, "Ақжар" халық театрының қойылымына келдік 🎭 #театр#темірбекжүргенов#қойылым#сахна#актер#ШҚО#тарбағатайауданы#ақжархалықтеатры#абайтеатры#Біртұтас_тәрбие#abai_bilim_basqarmasy#abai_imc#rumdco_official

25 қараша - Республика күні

Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. #республикакүні#ұлттықмереке#елімізаманболсын

«Шәкәрім мұрасы – ұлттың асыл қазынасы»

Бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Шәкәрім мұрасы – ұлттың асыл қазынасы» тақырыбында студенттер арасында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ақын,философ, тарихшы, сазгер, аудармашы, публицист Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын зерделеу, оның шығармаларының жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін ашу мақсатындағы конференция ойдағыдай өтті. #шәкәрімқұдайбердіұлы165жыл#ақынмұрасы#ғылымиконференция#студенттікзерттеу#Біртұтас_тәрбие

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті

Қазақ руханиятындағы алып тұлғалардың бірі - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті. #алаш#қазақруханияты#мәшһүржүсіп#дөңгелекүстел#Біртұтас_тәрбие

Тәуелсіздік трилогиясы

Қаламыздың облыстық тарихи-өлкетану музейінде Тәуелсіздік трилогиясы халықаралық алаш сыйлығының лауреаты,жазушы Әділбек Ыбырайымұлымен кездесу өтті. Кездесуге 3 курс студенттері қатысты. #кездесу #жазушы #өлкетанумезейі #kefcollege #abai_bilim_basqarmasy #abai_imc #rumcdo_official

"Syrgalym" қыздар клубы білім мен өнерді дамыт

"Syrgalym" қыздар клубы білім мен өнерді дамытып,іскерлікке жетелейді. Әр нәрсені үйреніп,меңгеріп,болашақта жақсы жар,тәрбиелі келін,үлгілі ана,білікті маман болса,қыздарымыз қатардан қалмаса дейді.Осы орайда,"Мен ғажайып шебермін"байқауы өтіп,қыздар өнерлерін ортаға салды. #syrgalym#қылықтықыздар#менғажайыпшебермін#Біртұтас_тәрбие#abai_bilim_basqarmasy#altyncarin_academiasy

"Жақсылық жаса" акциясы

Колледжіміздің қайырымдылық қорына арналған "Жақсылық жаса" акциясына студенттеріміз белсене қатысты. Жиналған қаражат балалар үйіне арналмақ 👶🏻👧🏻🧒🏻 #қайырымдылықакциясы#балаларүйі#жақсылықжаса#еріктілер#волонтеры#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy#abai_imc#altynsarin_academiasy#rumcdo_official

Шашки - спорт түрі

Шашки - спорт түрі. Математикаға,жалпы зейінді арттыруға көмегі зор.Осы орайда өткен колледжішілік жарыста:

Орынбасарова Жұлдыз - 1орын,

Турсын Дәулет -2орын,

Абдулханов Нұрсұлтан -3орын иеленді

#шахмат#шашки#спорт#жарыс#abai_imc#altynsarin_academiasy#rumcdo_official#Біртұтас_тәрбие

"Ұстазым,менің ұстазым!

"Ұстазым,менің ұстазым! Өзіңмен өтер қыс-жазым" - деп ақын ағаларымыз жырлағандай,студенттер ұлағатты ұстаздарына мерекелік көңіл-күй сыйлап,ән-билерін арнады #ұстаздаркүні#ұлағаттыұстаз#мереке#құттықтау#көңілкүй#әнменби

Ұстаздар күнінде өзін-өзі басқару

Ұстаздар күнінде өзін-өзі басқару ұйымының студенттері топтарда сабақ өткізіп,оқытушыларды алмастырды. Студенттер өздерінің жақсы дайындықтарын көрсете алды #ұстаздаркүні#өзінөзібасқару#дублерсабақ#дублеркүні#abai_bilim_basqarmasy

"Ұстаздар күні"

Ұстаз — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді. Ерен еңбектері жемісті,шәкірттері алғыр,зерек болсын деп тілейміз! #ұстаздаркүні#біліктімаман#шәкірттәрбиесі#ұлтболашағы#kefcollege

"Екі жұлдыз"

Ұстаздар күніне арналған "Екі жұлдыз" ән байқауы мәресіне жетті! Өзгеден оза шапқан Миргуль Орынгалиевна мен шәкірті Ақмарал болды !Құттықтаймыз! #екіжұлдыз#әнбайқауы#жеңімпаз#ұстаздаркүні

"Қарттарым аман-сау жүрші"

"Қарттарым аман-сау жүрші" деген тілекпен,3 курс студенттері үлкен кісілерді мерекелерімен құттықтап,қал-жағдайларын біліп,баталарын алып қайтты #1қазан#қарттаркүні#қарттарымамансаужүрші#3курс#үлгіөнеге#Біртұтас_тәрбие#rumcdo_official#abai_bilim_basqarmasy#abai_imc#altynsarin_academiasy

"Өлкетану" музейіне саяхат

Өлкеміздің тарихы,мәдениеті,жер асты байлықтарын біліп,білімімізді байыта түсі үшін,кураторымыз Миргуль Орынғалиқызымен "Өлкетану" музейіне барып қайттық. #музей#өлкетану#мәдениет#саяхат#Біртұтас_тәрбие#abai_bilim_basqarmasy#abai_imc#rumcdo_official#altynsary_academiasy

1 қазан - "Қарттар күні"

1 қазан - "Қарттар күніне" орай Жақия Шайжүнісұлының тәрбиесін көрген Рая апамызды шақырып,бала күнгі естеліктерін тыңдап,сұхбат құрдық. #қарттаркүні#1қазан#қарттарымамансаужүрші#жақияшайжүнісұлы#баларларүйі

28 қыркүйек - Мұхтар Әуезов,Оралхан Бөкей,Шерхан Мұртазаұлы сияқты қыл қалам шеберлерінің туған күндері

28 қыркүйек - Мұхтар Әуезов,Оралхан Бөкей,Шерхан Мұртазаұлы сияқты қыл қалам шеберлерінің туған күндері. Осы күнге орай,топтарда класс сағаттары ұйымдастырылып, көркем шығармаларына талдаулар жасалды #28қыркүйек#қылқаламшеберлері#мұхтарәуезов#оралханбөкей#шерханмұртаза#көркемшығарма#Біртұтас_тәрбие#abai_bilim_basqarmasy#abai_imc#altynsarin_academy

"КІТАПХАНА - табыс мекені"

"КІТАПХАНА - табыс мекені" атты 1 курс студенттеріне арналған ашық есік күні #оқуғақұштарколледж#оқуғақұштаржастар#кітаппендосбол#кітапханатабысмекені

"Кітап достарын іздейді"

"Кітап достарын іздейді" атты оқуға құштар жастарға арналған буккроссинг #оқуғақұштарколледж#буккроссинг

«Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес беремін»

«Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес беремін» атты библио-кросс. Белсенділік танытып,өзіңіз оқыған кітаппен,шығармамен бөлісіңіз 📚! #оқуғақұштарколледж#кітапоқы#оқығаныңменбөліс#библиокросс#kefcollege

"Екі жұлдыз"

Алда келе жатқан "Қарттар күніне" орай, колледжімізде студенттер өз кураторларымен бірге "Екі жұлдыз" бағдарламасын ұйымдастырды. Жоба әлі аяқталған жоқ, "Ұстаз күні" мерекесінде жалғасын таппақ! #abai_bilim_basqarmasy#abai_imc#екіжұлдыз#ән#өнер#rumcdo_official

"Адалдық,парасаттылық - адамдықтың белгісі"

14 қыркүйек күні барлық топтарда "Адалдық,парасаттылық - адамдықтың белгісі" тақырыбындағы тәрбие сағаты өтті. Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет. Жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Ендеше,адалдықты әркім өзінен бастаса,еліміз құлпырып,жайнап,өркендей берер еді ?! Сіздің адалдығыңыз оқуыңызға адал,жауапты болуыңызда! #адалдықкүні#адалдықсағаты#Біртұтас_тәрбие#жемқорлыққажолжоқ

Еңбегіңіз елене берсін,Миргуль Орынғалиқызы!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленді. Оның негізгі мақсаттары – еңбек өнімділігін ынталандыру, мамандардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару болып табылады. Осы орайда, колледжімізде 20 жыл бойы тынбай еңбек етіп,сапалы білім,саналы ұрпақ тәрбиелеуде аянбай қажырлық танытып келе жатқан - Миргуль Орынғалиқызы алғысқа бөленді. Шалғайдағы әріптестері мен шәкірттерінен толассыз құттықтаулар келіп, ұстаздық етуден жалықпаған жанның мерейін үстем етті. Жүзі шуаққа,құшағы гүлге толған осындай Ұстаздар жолы - дара жол,жас ұрпаққа өнеге жол! Еңбегіңіз елене берсін,Миргуль Орынғалиқызы! #EnberEri#еңбеккүні#ұстазмәртебесі#абыройлыұстаз#abai_bilim_basqarmasy#оқуғақұштарколледж#еңбекардагеріменкездесу#еңбек_күні_абайоблысы

Болашақ мамандардың ЦентрКредитБанкке саяхаты

Болашақ мамандардың ЦентрКредитБанкке саяхаты Оқыған,жазған бір бөлек,көзбен көрген бір бөлек деп, студенттермен банкке саяхатқа бардық. Банк қызметкерлерінің қызықты сұхбаттары шәкірттеріміздің болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын одан әрі оятып,еңбекке құлшыныстарын арттырды. #Envekkyni#банкцентркредит#болашақмаман#студенттер#еңбек_күні_абайоблысы

25 қыркүйек - "Еңбек күні"

25 қыркүйек - "Еңбек күні" қарсаңында, колледжіміз білек түре еңбектеніп жатыр. Табиғатты аялау, айналаны таза ұстау мақсатында,Миргуль Орынгалиевна тобымен бірге,қолдарына кетпен-күректерін ұстап,колледж ауласын мұнтаздай қылды. #еңбеккүні#25қыркүйек#еңбектүбіжеңбек#адалеңбек#kefcollege#еңбек_күні_абайоблысы

1 курс студенттерімен Абай мұражайына саяхат

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе. Адамдықты көздесең, Жаттап, тоқы көңілге, – деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайға үңілу, оның асыл мұрасын өскелең ұрпақтың бойына сіңіре білу - басты парыз. Осылайша ұлы ақын өсиетіне адал, парасат биігіне ұмтылған Абай ұрпақтарын тәрбиелеу,көкірек көздерін ашу мақсатында, студенттерімізбен мұражайына бардық #абай#ұлыақынмұрасы#абаймұражайы#абайдыоқыерінбе#abai_bilim_basqarmasy#kefcollege#1курстар

Дені саудың - жаны сау!

Денсаулықты нығайту,салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында,бүгін колледжімізде "Отбасы күніне" орай,ағайындасқан "Аға,әпке,қарындас" атты эстафета өтті. Жылдамдықтары желдей,екпіндері селдей мықты достарымыз жақсы ойын көрсетті. #спорт#эстафета#жеңіс#ағаәпкеқарындас#отбасыкүні #kefcollege

25 қыркүйек - Еңбек күні!

Осыған орай,бүгін колледжімізде "Адал азамат-адал еңбек" тақырыбындағы класс сағаты өтті. Саналы ғұмырын жетім балаларға арнап,адал еңбегінің арқасында "Еңбек ері" атанған - Жақия Шайжүнісұлының өмірі мен еңбек жолы,соңындағы мұрасы насихатталып, "Дом родной" фильмі көрсетілді. #еңбеккүні#адалеңбек #адалазамат#жақияшайжүнісұлы#abai_bilim_basqarmasy#Біртұтас_тәрбие

Дәстүрлі тәттілер жәрмеңкесі

Сіз мұндай сауданы қалалық жәрмеңкеде көре алмайсыз. Тәтті тоқаштардан, кондитерлік өнімдерден, пирожныйлардан, пиццадан және басқа да үйдегі тұздардан сынған әр үстелге кезектер болды. #ярмарка#вкусняшки#волонтеры#студенческийпарламент#студенческаяжизнь#kefcollege

" 9 айға - 9 іс-шара"

Жастардың белсенділігін арттыру мақсатында " 9 айға - 9 іс-шара" жоспарланып отыр. Қыркүйек айына белгіленген сергіту сәті колледж студенттерін шынымен де сергітіп тастады ⛹🏽‍♀️⛹🏻🤸🏼‍♂️⛹🏻‍♂️ #9айға9ісшара#белсендіжастар#спорт#kefcollege#abai_bilim_basqarmasy

«Қазақстан – менің жарқын болашағым»

«Қазақстан – менің жарқын болашағым» жалпыұлттық байқауын өткізу ережесі 1. Жалпы ережелер ​1. «Қазақстан – менің жарқын болашағым» жалпыұлттық байқауын (бұдан әрі –Байқау) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, тәртібін және күтілетін нәтижелерін айқындайды. ​2. Байқаудың мақсаты: қазақстандық патриотизмді, әлеуметтік жауапкершілік және Қазақстан мүдделеріне қызмет етуге тәрбиелеу, жоғары адамгершілік, рухани дамыған және әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру. ​Байқау рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға, балалардың шығармашылық, зияткерлік дағдыларын, балалардағы сыни ойлауды дамытуға бағытталған. ​3. Байқауды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы өткізеді. Өткізу форматы: қашықтан. Правила проведения Общенационального конкурса «Қазақстан – менің жарқын болашағым»

Қыркүйек айы - танысу,қалыптасу,қабылдау, алдын -ала сақтану айы!

Қыркүйек айы - танысу,қалыптасу,қабылдау, алдын -ала сақтану айы! Бүгін колледжімізге жасөспірімдер жөніндегі инспектор - Диана Еділқызы мен 10 участкелік поликлиника дәрігері- Алма Болатқызы келіп, жаңадан қабылданған 1 курс студенттерін " Жол жүру ережесімен" таныстырды. Жолда абай,әрі сақ болыңыз! #жасөспірімдеринспекторы#дәрігерденкеңес#жолжүруережесі#жолдаабайболыңыз#abai_bilim_basqarmasy#kefcollege

*НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!*

ҚР ОАМ РҚББОӘО 2023 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында Мектеп / Студенттік парламенттер арасында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған *«Туған тілім – бабам тілі – өз тілім» челленджін* өткізеді. Өз орындауыңыздағы тақпақты бейнероликке жазып Youtube, TikTok, Instagram, Facebook-ке төмендегі хэштегтердің астына жариялаңыз: # өзінөзібасқару # школьноесамоуправление # школьныйпарламент # студенческийпарламент # челленджтуғантілім #abai_imc #abai_bilim_basqarmasy Баршаңызға сәттілік тілейміз!💯

Діни сауаттылық

Еліміздегі діни тұрақтылықты сақтап,жеткіншектеріміздің басқа ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін,діни сауатты болуы үшін, 1-2 курс студенттерімен, "Дін мәселелері орталығының" мамандары келіп,кездесу өткізді. #дінмәселелеріорталығы#дінисауаттылық#кездесу#Біртұтас_тәрбие#kefcollege

Қазақстан халқы тілдерінің күні

Қазақстан халқы тілдерінің күні - "Мағжан Жұмабаев - заманының заңғар тұлғасы" тақырыбындағы жалпыұлттық диктант жазылды #жалпыұлттықдиктант#мағжан#тілдеркүні#Біртұтас_тәрбие

*НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!*

ҚР ОАМ РҚББОӘО 2023 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында Мектеп / Студенттік парламенттер арасында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған *«Туған тілім – бабам тілі – өз тілім» челленджін* өткізеді. Өз орындауыңыздағы тақпақты бейнероликке жазып Youtube, TikTok, Instagram, Facebook-ке төмендегі хэштегтердің астына жариялаңыз: # өзінөзібасқару # школьноесамоуправление # школьныйпарламент # студенческийпарламент # челленджтуғантілім Баршаңызға сәттілік тілейміз!💯

1 Сентября

Құрметті колледж мұғалімдері мен студенттері!Сіздерді Білім күнімен құттықтаймыз!Сіздің еңбегіңіз жемісті,сіздің ойларыңыз керемет,сіздің біліміңіз терең

2001-2024 ekch.kz